Ақмола облысында 8 наурыз күні бойжеткенді соғып, ізін суытпақ болған көлік жүргізушісі құрықталды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында полиция қызметкерлері бойжеткенді қағып кеткен көлік жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Ақмола облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінен.

Аталмыш жол-көлік оқиғасы наурыздың 8-і күні Зеренді ауданында орын алған. Көлік жүргізушісін полицейлер жақын маңдағы дүкендерде орнатылған бейне бақылау камерасының көмегімен анықтаған.

Осындай әр түрлі нысандарда орнатылған бейнебақылау камераларының көптеген қылмыстардың бетін ашуға көмектесуде. Оған 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі күні орын алған оқиғаның себепкерін анықтау айқын дәлел.

Еске сала кетсек, наурыздың 8-і күні Зеренді аудандық ішкі істер бөліміне дүкендердің бірінің маңында бойжеткенді көлік қағып кеткендігі жөнінде телефон хабары түскен болатын. Көлік жүргізушісі зардап шегушіге көмек көрсетудің орнына оқиға орнынан тайып тұрған. Қызды сол маңнан өтіп бара жатқан өзге көлік жүргізушісі көріп, шұғыл орталық аудандық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің шешімі бойынша зардап шеккен қыз жабық ми жарақатын алып, бас миы мен бетіне зақым келген.

Полицейлермен жол-көлік оқиғасы орын алған маңдағы дүкендердегі бейнебақылау камераларын тексеру барысында бойжеткенді қағып кеткен «Опель Фронтера» автокөлігі белгілі болады. Араға біраз уақыт салып, көлік иесі де анықталып, бейнежазбаны көру барысында ол өз кінәсін мойындаған.

Соңғы жаңалықтар