Ақмола облысында 8,5 миллионнан астам мемқызмет көрсетілді

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 8,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысының дерегінше, 2021 жылы облыс бойынша барлығы 8 миллион 534 мың мемлекеттік қызмет көрсетсе, олардың 94,5 пайызы электронды форматта болған.

«Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында проблемалық мәселелерді анықтауға және жоюға мүмкіндік беретін бақылау іс-шаралары өткізіледі. Өткен жылы 82 тексеру жүргізіліп, 31 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлімдеді Б.Беспалинов.

Департамент басшысы атап өткендей, өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 15 отырысы өткізіліп, онда 67 мәселе қаралды. Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 16 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша 29 тексеру жүргізілді.

«Біздің қызметіміздің маңызды бағыты азаматтардың өтініштерін қарау және олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып табылады. Мысалы, өтініштерді қарау нәтижелері бойынша бір азаматқа жылжымайтын мүлік объектісінің тұрақты мекенжайы, екіншісіне жеке куәлік берілді, сондай-ақ жеке шаруашылық және бағбандық үшін жер учаскелері берілді» - деді Б.Беспалинов.


Соңғы жаңалықтар