Ақмола облысында 700 шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жол жөнделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысында 700 шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолды жөндеу жоспарланды. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі мал басы артқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударамыз. Биыл 700 шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолды жөндеу жоспарланды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 78 пайыздан 82 пайызға дейін арттыратын боламыз», - деді Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, осыны қоса алғанда соңғы үш жылда 1 300 шақырымнан астам жергілікті жол, оның ішінде ауылды жерлерде шамамен 800 шақырым жол салынып жөнделген.


Соңғы жаңалықтар