Ақмола облысында 650-ден астам көпбалалы отбасы есепке алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі күнде 664 көпбалалы отбасы анықталып, есепке алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметі бойынша, 2018-2019 жылдардағы жылу маусымы басталғалы Ақмола облысының аумағында 206 өрт тіркелген. Осының салдарынан 24,3 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Өрттен және иіс тиіп 12 адам қаза болса, 5 адам жарақат алған.

Өңірде тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалау және қайғылы жағдайлардың болдырмау мақсатында ТЖД мен оның аумақтық және ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері үй-үйді аралап, тұрғындарға сақтық шараларын түсіндірді.

«Ақмола облысының аумағында 2 күн ішінде 7 350 жер үй тексеріліп, 18 313 азаматқа нұсқау берілді, 162 адамды қамтитын 6 жиын ұйымдастырылды. Түсіндіру жұмыстарына Ақмола облыстық ТЖД 580 қызметкері тартылды. Тексеру барысында 188 уақытша баспана мен 664 көп балалы отбасы анықталып, есепке алынды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар