Ақмола облысында 650-ден астам адамды кене шақты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 655 адамды, оның ішінде 247 баланы кене шақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың жеті айында өңірде кене энцефалитінің төрт жағдайы және кене боррелиозының бір жағдайы тіркелді. Облыста эндемикалық аудан Сандықтау ауданы, онда тек екі жағдай тіркелді, Бурабай ауданы мен Көкшетауда бір бірден. Ал Зеренді ауданында кене боррелиозы анықталып отыр.

«Сәуір айынан бастап өңірде 655 адамды кене шаққаны анықталды, оның 247-сі бала. Егер өткен жылмен салыстыратын болсақ, онда осы уақыт ішінде тек 427 жағдай тіркелген. Бүгінгі күні кене шағу жағдайы Көкшетауда – 221, Бурабай ауданында – 171, Сандықтау ауданында – 78, Зеренді ауданында – 61, қалған аудандарда 1-ден 20-ға дейін тіркелді. Өткен аптада кене шағудың 11 жағдайы тіркелді», - дейді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Айта кетсек, Ақмола облысында жыл басынан бері 21 адам сальмонеллез инфекциясын жұқтырған еді.


Соңғы жаңалықтар