Ақмола облысында 61 көпқабатты үй жылумен жабдықтау жүйесіне қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бірқатар жобаларды іске асыру арқылы қосымша 61 көп қабатты тұрғын үйді, 454 жеке тұрғын үйді және 31 әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысанді жылумен жабдықтау жүйесіне қосуға, сондай-ақ, елді мекендерде жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік туды. Бұл туралы брифингте Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тимур Хамзин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық кезінде жылу көздері мен жылу желілерін жөндеуге және жаңғыртуға айтарлықтай қаражат бөлінді. Осы мақсатта «Ауыл ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге артық», - деп атап өтті Т.Хамзин.

Басқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, Ерейментау қаласында, Бурабай кентінде, Ақкөл қаласында, Шортанды, Зерендіде қазандықтарды қалпына келтіру, Астраханка ауылында қазандық, Макинск қаласында Блокты-модульді қазандық салу, Көкшетау және Ерейментау қалаларында, Краснояр және Астраханка ауылдарында жылумен жабдықтау желілерін салу және қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ Макинск қаласында көмір қазандығының құрылысы жалғастырылған, оны іске асыру 2014 жылы тоқтатылған. Соңғысы іс жүзінде аяқталды және қымбат мазут қазандығын ауыстырдай жағдайда өңір жыл сайын шамамен 200-250 миллион теңге үнемдемек.

«Аталған жобаларды іске асыру қосымша 61 көп қабатты тұрғын үйді, 454 жеке тұрғын үйді, 31 Әлеуметтік мәдени - тұрмыстық нысанды жылумен қамтуға мүмкіндік берді, сондай-ақ елді мекендердегі жылумен жабдықтау сапасын жақсартты», - деп толықтырды Т.Хамзин.

Осылайша, Ерейментау қаласында екі қазандық іске қосылады, бұл жеке көп қабатты тұрғын үйлерге қосымша жылумен жабдықтау қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. Макинск қаласында блокты-модульді қазандықтың құрылысы, сондай-ақ 20 жылға жуық жылусыз болған көп қабатты 20 тұрғын үйді қосуға мүмкіндік береді. Көкшетау бойынша қосымша жылу жүктемелерін шешетін бесінші газ-мазут қазандығын қайта құру аяқталуда.

Бұдан бөлек, басқарма басшысының орынбасары кейбір ақмолалықтардың ағымдағы қыстағы жылумен жабдықтау мәселесіне қатысты неге шағымданғанын айтты.

«Қаңтар айының басында ауа температурасының кей жерлерде -30ºС дейін және одан төмен төмендеуіне байланысты Ерейментау, Аршалы аудандары мен Көкшетау қаласында температуралық режимді сақтамау фактілері орын алды. Бұл фактілер тұйық үйлерде гидравлика жеткіліксіз және жылу режимі жеткіліксіз болғандықтан пайда болды. Сонымен қатар, үйлер толық дайын емес. Тиісті жылу оқшаулау болған жоқ, жылумен жабдықтау жүйесіндегі жобалық схемадан ауытқулар болды. Жергілікті атқарушы органдар осындай олқылықтарды жою бойынша барлық қажетті іс-шараларды жүргізді», - деп түсіндірді спикер.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде, температура режимі бекітілген жылу кестесіне сәйкес сақталған.

Аслан Оспанов.


Соңғы жаңалықтар