+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Ақмола облысында 6 жасқа дейінгі 2,5 мыңнан астам балаға әлеуметтік қолдау көрсетіледі

2020 жылғы 28 ақпан 23:36
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында 6 жасқа дейінгі 2,5 мыңнан астам балаға әлеуметтік қолдау көрсетіледі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында 6 жасқа дейінгі 2,5 мыңнан астам бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет түрінде мемлекеттен қолдау алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген қазақстандықтарға әлеуметтік төлем беріле бастады Алматыда кімдерге әлеуметтік төлем беріледі Кірісін жоғалтқан азаматтарға берілетін төлем бойынша бұйрық бүгін шығады

Гигиеналық заттар Бұланды, Сандықтау, Атбасар аудандары мен Көкшетау және Степногор тәрізді алты қалада нәрестелі аналарға берілуде. Жалпы, Ақмола облысында 6 жасқа дейінгі 2650 мыңнан астам бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет түрінде мемлекеттен қолдау алатын болады. Үш жасқа дейінгі 1334 бала азық-түлік алса, үштен алты жасқа дейінгі 1316 балаға жиынтық берілді.

Қазіргі кезде, азық-түлік («Дарбаев» ЖК) және гигиеналық заттарды («Көктем»ЖШС) жеткізушілермен келісімшарт жасалды.


Осы келісімшарт аясында азық-түлік пен гигиеналық заттар наурыз айының ортасына дейін жеткізілетіні жоспарланған. Азық-түлік тағайындалған отбасылар оны бірден өткен кезең үшін алатын болады. Көкшетау қаласының тұрғыны, төрт баланың анасы Гүлмира Серікпаева көпбалалы отбасыларға қолдау білдіріп отырған мемлекетке алғысын білдіруде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT