Ақмола облысында 6 жасар баланы ит талап өлтірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 6 жастағы баланы үйінің ауласында өз иті талап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша қайғылы оқиға 1 наурыз күндізгі сағат 15:00 шамасында Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында болған.

«Өз үйінің ауласында «кавказ» тұқымды итімен ойнап жүрген 6 жасар баланы ит талап тастады. Бүлдіршін алған дене жарақатынан көз жұмды. Иттің баланың отбасына тиесілі екені анықталды», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты соттық-медициналық сараптама тағайындалып,  ҚР ҚК 104 бабының 1 бөлігі бойынша сот алды тергеу шаралары қолға алынды.

Соңғы жаңалықтар