Ақмола облысында 6 тәуліктің ішінде 70-тен астам қару сатып алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлері 6 тәуліктің ішінде тұрғындардан 70-тен астам қару сатып алды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазіргі кезде облыс аумағында суық қаруды сатып алу жөнінде үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Аталған акцияның өткізу үшін республикалық бюджеттен 18 миллион теңге қаржы бөлінді. Акция басталғаннан бері барлығы 71 дана қару сатып алынды. Оның 64 тегіс ұңғымалы да, 3 травматикалық қару және 79 оқ-дәрі», деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар полицейлер қару және жарылғыш заттарды өз еркімен әкеліп, тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын айтуда.

Соңғы жаңалықтар