+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Ақмола облысында 58 жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды

2019 жылғы 15 қазан 17:36
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында 58 жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 58 жылқыны ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазалыда мал ұрлаған әйелдер қолға түсті Алматы облысының аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға бақылау күшейтілді Қызылордада жылқы ұрлаған адамдар қолға түсті

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылғы қыркүйектің 17-де Ерейментау аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның сөзінше, жайылып жүрген 58 жылқысы жоғалған. Шығын көлемі - 17 миллион теңге.

«Ақмола облысының ПД криминалды полиция қызметкерлері мен Ерейментау ауданының полицейлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында Целиноград ауданы және Нұр-Сұлтан қаласының 26 және 41 жастағы тұрғындары ұсталды. Тергеу кезінде анықталғандай, күдіктілер қараусыз жайылып жүрген жылқыларды Ерейментау ауданынан айдап әкетіп, Аршалы ауданының Қостомар ауылындағы шаруашылық қорасына қамаған. Кейін «MAN» жүк көлігінің контейнеріне тиеп, Нұр-Сұлтан қаласына жеткізбек болған. Алайда, арада бірер сағат өткенде біраз жылқы ауа жетпей контейнердің ішінде тұншығып, өліп қалған», - дейді ведомстводан.

Осыған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау бағытында 200 метр қашықтықта жылқылардың өлексесі табылған еді. Анықталғандай, жануарлар күдіктілердің жүк көлігінен түсірілген.

«Қазіргі кезде мал ұрлығына қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп толықтырды ведомстводан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT