Ақмола облысында 52 жастағы ер адам тоққа түсіп көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында 52 жастағы ер адам тоққа түсіп көз жұмды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай қыркүйектің 21-і күні таңғы уақыт 09:15 минут шамасында Сандықтау ауданының Богородка кентінде орын алған. Белгісіз себептермен шағын электр стансасының аумағында 1963 жылғы С.Швайгердтті тоқ соғып, мерт болған», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде оқиғаның себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар