Ақмола облысында 50 мың теңге пара алған әкім істі болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Наурыздың 21-күні Ақмола облысының Семфирополь селолық округінің әкімінің үстінен ҚР ҚК 311-бабының 2-бөлімі (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ЭСЖҚД баспасөз қызметтінен.

Қаржы полициясының мәліметі бойынша, Семфирополь селолық округінің әкімі азамат А. аталған селолық округтің аумағындағы ескі мал қорасын бұзып алуға ауызша рұқсат бергені үшін азамат К.-дан 50 мың теңге пара алған.

Шұғыл-іздестіру шаралары барысында Семфирополь селолық округінің әкімі әкімдік ғимаратында пара алу үстінде ұсталып, ақшалай қаражат анықталды және тәркіленді.

Қазіргі кезде, аталған әкімінің үстінен ҚР ҚК 311-бабының 2-бөлімі (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар