Ақмола облысында 5 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының прокуратурасы бизнесті қорғау бойынша тиісті тексеру шараларын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын тексеру барысында прокурорлар нысанды пайдалануға беру үшін кәсіпкерлер уәкілетті органға нақты тізбесі заңдарда көзделмеген құжаттарды ұсынғанын анықтады.

«Соңғы 2 жылдың ішінде ғана бизнес субъектілеріне объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1 252 актісі қайта қайтарылды. Бұл осы санаттағы құжаттардын 70 пайызы. Ең сорақысы, әр бас тарту кезінде жаңа негіздер көрсетілген. Прокурорлық тексерудің осы және басқа да нәтижелері «Атамекен» кәсіпкерледің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес шеңберінде қоғамдық талқылауға шығарылды»,- дейді ведомстводан.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган жұмысының теріс тәжірибесі тоқтатылды.

Қадағалау актісі бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін МСҚББ – ның 2 бас маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды, басшы және басқа да қызметкерлер тәртіптік жауапкершіліктің басқа түрлеріне тартылды. Құқық нормаларын қате түсіндіруді болдырмау мақсатында облыс прокуратурасымен заңнамаға түзетулер енгізілді.

Мұндай жұмысты Ақмола облысы прокуратурасы өзге салалар бойынша да жүргізуде.

Еске сала кетсек, Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Мобильді топтардың жұмысы ұйымдастырылды, ол кәсіпкерлердің құқықтарын бұзудың әрбір фактісіне, оның ішінде тексеру объектісіне бару арқылы дереу әрекет етеді. Мұндай топтар облыстың әр ауданында және қаласында құрылған, олардың телефондары Ақмола облысы прокуратурасының сайтында орналастырылған.


Соңғы жаңалықтар