Ақмола облысында 49 жастағы балықшы суға батып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Қорғалжын ауданында  суға батып кеткен 49 жастағы балықшы іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап

"Оқиға 27 сəуір күні күндізгі сағат 12:13 шамасында Садырбай ауылындағы Садырбай көлінде орын алған. Балық аулауға барған 1969 жылғы балықшы суға батып кетті. Сол күні сағат 17:30 бастап орталық өңірлік автомобильді жедел-іздестіру отрядының құтқарушылары балықшыны іздеуге кірісті. Қазіргі кезде іздестіру шаралары нəтиже берген жоқ, одан əрі жалғасуда", деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар