Ақмола облысында 45 жасар әйелдің ажалы судан болды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 45 жасар әйел суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қайғылы оқиға Целиноград ауданындағы Қабанбай ауылында орын алған. Ауыл маңынан ағып өтетін Нұра өзеніне шомылмақ болған 1969 жылғы азаматша С.Мозговая абайсызда су батып кетеді. Құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ Орталық аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының 3 қызметкері және 1 құтқару техникасы тартылып, ажалы судан болған әйелдің денесін сыртқа алып шықты.

Соңғы жаңалықтар