Ақмола облысында 45 мың адам кәсіпкерлікпен айналысады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 130 мыңнан астам адам шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысында мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде шағын және орта бизнес саласы қанат жайып келеді.

«Өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бағытында «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы отандық өнімдерінің көлемі мен түрі артып отыр. Жеке кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамытудың деңгейі мен жағдайы ел экономикасының тұрақты дамуына септігін тигізеді», – дейді ведомстводан.

Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті тауар түрі мен өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Ведомствоның дерегі бойынша, жеңілдетілген несие ұсыну арқылы өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы қаржылық орта құрылуда. Бүгінгі күні облыста шағын және орта бизнестің айналысатындардың саны 45,5 мыңға адамды құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен саластырғанда 3,1 пайызға артып отыр.

«2019 жылдың қаңтар-қараша айларында шағын және орта бизнес саласынан бюджетке 41 миллиард салық түскен. Қазіргі таңда Ақмола облысында 130 мыңнан астам адам шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді. Өткен жылы осы салада 7 584 жаңа жұмыс орны ашылып, барлығы 45,4 миллиард теңгеге несие берілді. Оның ішінде ауыл шаруашылығының үлесі – 50,7 пайыз, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – 17,5 пайыз», – деп атап өтті Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасындағылар.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілері өндіріп отырған өнім көлемі 3,1 пайызға артып, 556,3 миллиард теңгені құрады. Осылайша, отандық кәсіпкерлікті дамыту арқылы бәсекелестікке қабылетті өнімдерді шығаратын кәсіпорындардың саны мен өндірістік әлеуеті артып келе жатқандығын байқауға болады.


Соңғы жаңалықтар