Ақмола облысында 4471 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 4471 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды, оның 137 жүкті әйел, 1146 бала емізетін және 3188 жасөспірім. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, Ақмола облысына 2021 жылдың ақпан айынан бастап вакциналардың бес атауының барлығы 1022585 дозасы, сондай-ақ Pfizer вакцинасының 111150 дозасы түсті. Жалпы, өткен жылдың ақпан айынан бастап бірінші компонентке 333784 адам немесе 69,7 пайыз, екінші компонентке 306135 адам немесе 63,9 пайыз егілді.

«Pfizer шығарған Комирнати вакцинасының алғашқы дозасымен 4471 адам вакцинацияланды, оның ішінде 137 жүкті әйел, 1146 бала емізетін әйел және 12 жастан 17 жасқа дейінгі 3188 жасөспірім. Вакцинаға жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ», - деп атап өтті Нариман Сыздықов.

Өңірде 133 егу пункті мен 135 мобильді бригада жұмыс істейді. Бұдан басқа, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын және Целиноград аудандарындағы 11 жылжымалы медициналық кешен вакцинациялауға жұмылдырылған.

Басқарма басшысы атап өткендей, медициналық ұйымдарда вакциналарды сақтауға арналған 60 мұздатқыш камера (мұздату ауқымы -18/-25 градус), 340 термоконтейнер, 10 тоңазытқыш сөмке, 1690 хладоэлемент бар.

«ҚР Үкіметінің қаражатынан орталықтан басқару қоймасына -90/-60 ультра төмен температуралық режимді қолдайтын екі мұздатқыш камера жеткізілді. Вакциналарды тасымалдауға екі авторефрижератор тартылған», - дед толықтырды Нариман Сыздықов.

Айта кетсек, бүгінгі күні аудандардың медициналық ұйымдарына вакциналарды сақтау, тасымалдау бойынша нұсқаулықтар, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау тәртібі жеткізілді. Pfizer вакцинасын сақтау және тасымалдау бойынша үнемі семинарлар мен конференциялар өткізіліп тұрады.


Соңғы жаңалықтар