Ақмола облысында 400-ден астам мемқызметші қайырымдылық жарысына қатысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 400-ден астам мемлекеттік қызметші «Алға басу - Движение вперед», атты қайрымдылық жүгіру жарысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалиновқа сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет күні мен Астана қаласының жəне мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығына орайластырылған шараны аталмыш департамент пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Жарыс барысында ерлер 2,5, әйелдер 1,5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Жарыстан түскен 300 мың теңге ақша еліміздегі емделмейтін дертке шалдыққан балаларға көмек ретінде "Балаға өмір сыйла" жобасын жүзеге асыруға бағытталатын болады.
null

Сонымен қатар, шара шеңберінде мемлекеттік қызметшілер отбасылары арасында спорттық сайыс өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша Ақмола облысының қаржы басқармасы атынан қатысқан  Қ.Бабақовтың жанұясы бірінші орын алса, екінші және үшінші орындарды Көкшетау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасынан А. Тəниев пен «Солтүстік ҚазЖер қойнауы» өңіраралық департаментінен Т.Қоспановтардың отбасылары өзара бөлісті.

null

"Жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль жəне сертификаттар тапсырылды. Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық істер жасау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда еліміздің келешек жастары үшін үлгі-өнеге болуда", дейді Беспалинов. 
null null null 

Соңғы жаңалықтар