Ақмола облысында 40 жетім бала мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен баспаналы болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 40 жетім бала мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен баспаналы болды. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 5-ші сессияда депутаттар алдында есеп берген аймақ басшысы С.Кулагин атап өтті.

Облыс әкімінің айтуына қарағанда, тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 21 миллиард теңгені құрап отыр.

«Баспана салуда жылдық жоспар ағымдағы жылдың сегіз айында 22 пайызға асыра орындалды.  Осы күні Көкшетау қаласында Ұлттық қордың қаражаты есебінен несиеге берілетін 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 524 отбасы жалдамалы пәтер, 165 отбасы несиеге пәтер алатын болады. Инженерлік инфрақұрылымдарды тарту үшін 260 миллион теңгеден астам қаржы  бөлінді. Әсіресе, жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде, облыстың алты ауданында тұратын 40 жетім бала мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен баспаналы болды», - деп атап өтті С.Кулагин.

 null 

Соңғы жаңалықтар