Ақмола облысында 4 жыл бұрын жасалған мал ұрлығының беті ашылды
2015 жылғы 20 қараша 19:20

Ақмола облысында 4 жыл бұрын жасалған мал ұрлығының беті ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 4 жыл бұрын жасалған мал ұрлығының беті ашылып, ұры қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек, 2011 жылы қазанда Ерейментау ауданының Өлеңті ауылында 27 бас ірі қара қолды болған еді. Осының салдарынан мал иесіне 4 миллион теңгенің шығыны келді. Аталған ұрлыққа байланысты ҚР ҚК 175 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары барысында араға 4 жыл салып, күдікті 46 жастағы Павлодар облысының тұрғыны қолға түсті.

Тергеу амалдары барысында анықталғандай күдікті ұрланған малды Қарағанды қаласына апарып саудалаған.

Қазіргі кезде, күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT