Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 8-де сағат 22:00 Целиноград аудандық ПБ-не Қараөткел ауылының тұрғыны хабарласып, 4 жасар ұлын іздеп табуға көмек сұраған. Ата – анасының сөзінше, бала сағат 17:30 үй ауласына ойнауға шыққан екен.

«Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын қолға алды, соның нәтижесінде баланың денесі үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан табылды. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешімі қабылданады», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында суға батып кеткен трактордың жүргізушісі іздестіріліп жатқандығы жарияланған едік.


Соңғы жаңалықтар