Ақмола облысында 4 мыңнан астам оқушы мектеппен қоштасты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысындағы 4331 мектеп оқушысы үшін соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Соңғы қоңырау мерекесі өңірдегі барлық білім ошақтарында  өз сән-салтанатымен өтіп, оның соңы балғындар мен ата-аналар, ұстаздар қауымы мерекесіне ұласты. Көкшетау қаласындағы Тәуелсіз алаңында өткен соңғы қоңырау мерекесіне қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, түлектердің алдағы қадамдарына сәт-сапар тіледі.

 Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, биыл облыстағы жалпы білім беру ұйымдарын 4331 түлек бітіріп, оның 3166 ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. 214 түлек «Алтын белгіден» үмітті болса, 97-сі үздік аттестат алуға ниетті. Биыл ҰБТ Ақмола облысы бойынша 11 тестілеу пунктінде өтеді, оның 8-і облыс аумағында орналасса, 3-і Астанада болады. 

Соңғы жаңалықтар