Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ақмола облысында 4 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

2021 жылғы 12 тамыз 17:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысында 3 миллион 988 169 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңдағы басым міндеттер азаматтардың өтініштерін сапалы қарау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, электрондық форматтағы қызметтер үлесін арттыру болып отыр.

«Жалпы, электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесінің артуының оң динамикасы байқалады: егер ағымдағы жылдың І жартыжылдығында электрондық қызметтердің үлесі 94,3 пайыз болса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 93 пайызды құрады» - деп атап өтті Әділбек Мұхамеджанов.


Автор:

Аслан Оспанов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары