Ақмола облысында 38 блокпостың алтауы ғана қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 38 блокпостың алтауы қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Департамент басшысы Айнагүл Мусинаның айтуынша, қалған блокпостар көрші облыстарға қатынайтын жолдардың бойында орналасқан. Сонымен қатар, Целиноград ауданында айнала орналасқан блокпостар әзірге жұмысын жалғастыруда.

«Облыс бойынша барлығы 38 блокпостың алтауы қалды», - дейді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, департаменттен атап өткендей, апта ішінде коронавирус оқиғасы облыста 2 есе ұлғайып, 25 тест нәтижесі оң болып отыр.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша індет тарағаннан бері Ақмола облысында COVID-19 жалпы 126 (+1) адамда расталды, 96 адам жазылып шықты және 4 адам қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар