Ақмола облысында 364846 адам ковидке қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 364846 адам ковидке қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды, оның 132384 қалалықтар да, 232462 ауыл тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алатындардың қатарында 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 -дан 37-ші аптасына дейін, лактация кезеңіндегі әйелдер-босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) 2 жасқа толғанға дейін, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

«2021 жылдың ақпан айынан бастап аймақта 364846 адам ковидке қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды, оның 132384 қалалықтар да, 232462 ауыл тұрғындары, бұл тиісті халықтың 76,1 пайызы құрады. Ал екінші компонентін алғандары саны 352899 адамды немесе тиісті халықтың 73,6 пайызын құрады», - деді ведомстводан.

Бүгінгі таңда облыста QazVac, Vero Cell, V спутнигі және Comirnaty «Pfizer» вакциналарымен ревакцинациядан өту мүмкіндігі бар. Ақмола облысында Comirnaty «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін 17596 адам немесе тиісті халықтың 26,6 пайыз алды, оның ішінде 347 жүкті, 3271 бала емізетін әйел, 9785 жасөспірім. Бұл вакцинаның екінші дозасын 16962 (25,7 пайыз) алды. Ал, жалпы, ревакцинациядан өткендер саны 219386 адамды құрады, оның 53910 Pfizer бойынша. Вакцинаға жағымсыз реакциялар тіркелмеген», - деп қосты ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмолада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 38 нысан салынады.


Соңғы жаңалықтар