Ақмола облысында 36 нысан мүгедектігі бар жандардың құқықтарын бұзуда - прокуратура

Фото:
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының прокуратурасы Көкшетау қаласы бойынша мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарының елеулі бұзылуын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тек іріктеп тексеру арқылы пандустардың болмауы, көлбеу бұрышының сәйкес келмеуі және басқа да бұзушылықтары бар 36 жаңа нысан (тұрғын үйлер, дүкендер, қоғамдық ғимараттар) анықталды. Бұл ерекше қажеттілікке мұқтаж жандардың қозғалысын қиындатады.

Прокуратураның жедел шаралары бойынша 18 объект талаптарға сәйкес келтірілді, көтергіш құрылғылар, пандустар, борттар, тұтқалар, контрастты таңбалар орнатылды, кіреберіс есіктердегі табалдырықтар алынып тасталды», - деп жазды ведомстводан.

Қалған нысандар да заң талаптарына сәйкес бейімделеді.


Соңғы жаңалықтар