Ақмола облысында 36 бизнес жоба жүзеге асырылмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 36 бизнес жоба қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында жобалық кеңсе жұмыс істейді. Онда қайта өндеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және қызмет көрсету саласында 52 жобадан тұратын жалпы құны 32,7 миллиард теңгенің «қарапайым заттар экономикасы» портфелі жасалды. 16 жоба бойынша 4,4 миллиард теңгеге субсидияландыру туралы келісімшартқа қол қойылды.

«Құны 17,5 миллиард теңге болатын 6 жоба банктер мен «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ-ның қарауында жатыр. 7,6 миллиард теңгенің 10 жобасы жобалық кеңсенің қарауында»,-дейді Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Айдрахманов.

Оның айтуынша, аталмыш бағдарламаның арқасында өңірде 27 жаңа кәсіпорын ашылып, өндірісін кеңейту үстінде. Оның ішінде ет және сүт өнімдерін, зығыр майы, сұлы қауызы, жиһаз және киім-кешке өндірісі бар.

Соңғы жаңалықтар