Ақмола облысында 3117 мектеп бітіруші ҰБТ-ға қатысуға ниетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысы бойынша 3117 мектеп бітіруші ҰБТ қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова мәлім етті.

Б.Ізбасарованың айтуынша, биылғы жылғы ҰБТ-ға қатысушылар тізімі мен сапалы тапсыруға дайындық жұмыстары мәресіне жетіп отыр. Осы мақсатта, 10 наурыздан бастап 25 сәуірге дейін 2014 жылғы ҰБТ қатысушылардың базасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 4401 мектеп түлегінің ішінен 3177 оқушы 2014 жылғы бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуға тілек білдірді, бұл 72,2% құрайды. ҰБТ қатысушылардың ішінен 1445 түлек қазақ тілінде, 1732 орыс тілінде білім алған екен.

"Түлектерді тестілеу ұлттық бірыңғай тестілеудің 11 пунктінде өткізіледі. Оның ішінде облыста 8 тестілеу пункті және Астана қаласында 3 тестілеу пункті бар. Облыс бойынша тестілеу кестесі 2014 жылғы 2 маусымнан 7 маусымға дейін бекітілген.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №027-1474 тапсырмасына сәйкес және түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, нәтижелердің әділ болуы үшін, 2012, 2013 жылдары ҰБТ өткізу пункттерінде тестілеудің технологияларын қорғау үшін ұялы телефондардың сигналдарын өшіру құралдарымен, рамалы металл іздегіш детекторлармен, бейне бақылаумен жабдықталды. Тестілеу пункттері ҰБТ өткізуге дайын.

Облыстағы ҰБТ қатысушы 3177 баланың 1445-і тасымалдауды қажет етпейді. Ал, қалған 969 түлекті ҰБТ тапсыратын күні және 763-ін ҰБТ тапсыруға дейін бір күн қалғанда тасымалдау жоспарланған. Оларды тасымалдауға 163 автокөлік тартылады.

ҰБТ дайындыққа Ақмола облысының ішкі істер департаментінің қызметі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, өртке қарсы және медициналық қызметтер, аудандар мен қалалардың әкімдіктері жұмылдырылған", - дейді Б. Ізбасарова.

Соңғы жаңалықтар