Ақмола облысында «30 игі іс» акциясы өтіп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Ақмола облысында «30 игі іс» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Акция барысында Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығы волонтерларды қолдау орталығымен бірлесіп, Көкшетау қаласының №1 арнайы мектеп-интернатына барып, ауласын қардан тазартумен акцияны іске асырды.
Сондай-ақ, бұл игі іс-шараны областық жастар-ресурстық орталығы және волонтерларды қолдау орталығы қаламыздың жоғары оқу орындарына жолдап, акция жалғасын тапты.
Жыл басынан бері облыс аумағында волонтерлердің және жақсылық жасаудан тайынбайтын ерікті жандардың арқасында 50-ден астам жалғыз басты қарт адамдардың және денсаулығы мүшкіл мүгедек жандардың үйлеріне барып аулаларын қардан тазартып көмектесті.
«Атбасар ауданында акцияға барлық селолық округтер қатысуда. Сондай-ақ, «Helpinghand» волонтерлер корпусы, «JasMura» жастар кешені, студенттер мен мектеп оқушылары атсалысуда», – дейді Атбасар аудандық жастар-ресурстық орталығының басшысы Назгүл Жәкішева.
Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға әлеуметік пакеттер үйлестірілуде.
- Ақмола облысында ер адам 6 жасар қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті
- Ақмола облысында қызымен суретке түспек болған ер адам суға құлап кетті
- Ақмола облысында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші көз жұмды
- Ақмола облысында бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
-
5 елдің ғалымдары Қажымұқанның спортқа, мәдениетке сіңірген еңбегін талқылады
-
Егіндікөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам