Ақмола облысында 3 жасар бүлдіршінді соғып, ізін суытпақ болған көлік жүргізуші қолға түсті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында үш жасар бүлдіршінді соғып, ізін суытпақ болған көлік жүргізуші қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол көлік оқиғасы маусымның 28-і күні кешкі уақыт 21:00 шамасында Зеренді ауданының Заречное кентінде орын алған. «Дэо Матиз» автокөлігінің жүргізушісі артқа шегіну барысында байқаусызда велосипедпен жүрген үш жасар баланы басып кетеді. Алайда, зардап шеккен бүлдіршінге көмек көрсетудің орнына көлік жүргізуші оқиға орнынан қашып үлгереді.

Абырой болғанда үш жасар сәби тек түрлі дене жарақатын алып, Ақмола облыстық балалар ауруханасына жатқызылады. Ал ізін суытпақ болған көлік жүргізуші жарты сағат өткен соң «Көкшетау - Атбасар» тас жолының бойында «Тұлпар - 500» экипажымен құрықталады.

Қазіргі кезде аталған фактіге байланысты тексеріс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар