Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы брифингіде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, облыстың медициналық ұйымдарында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеуге арналған дәрілердің қалдықтары бар. Бұл 55 миллион теңге көлеміндегі ривароксабан, апиксабан, дабигатран, парацетамол және ибупрофен. Бүгінде 681 адам 10 миллион теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілген», - деді Нариман Сыздықов.
Осы ретте, өткен жылдың қыркүйек айынан бері 1 800 адам 40 миллион теңгенің жоғарыда аталған препараттарымен қамтамасыз етілді.
«Гуманитарлық көмек аясында медициналық ұйымдарға 6 870 орама пероральді антикоагулянттар – ривароксабан және дабигатран таратылды. Барлық препараттар бастапқы медициналық – санитарлық көмек көрсету ұйымдарына таратылды», - деді Нариман Сыздықов.
Сонымен бірге, ол облыста эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда резервтік қор бар екенін атап өтті. Бұл - 81 миллион теңгенің 13 түрлі дәрі-дәрмегі.
- Карантин: Ақтауда кафе-барлар жұмыс істеуін тоқтатпай тұр
- Шымкентте эпидахуал күрделеніп тұр
- Жерді жалдау мерзімін конкурспен ғана ұзарту керек – Мұхтар Тайжан
- Алексей Цой: Пандемия әсіресе теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерге ауыр тиіп жатыр
-
Жер комиссиясы ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға қалдыру және оны 49 жылға жалға беру мәселесін талқылап жатыр
-
Атырауда жыл басынан бері 19 тұтынушыға 1 млн-нан астам теңгесі қайтарылған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам