Ақмола облысында 3 ай бұрын жоғалған жасөспірім қыз өзінен 17 жас үлкен ер адаммен қашып кеткен

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында осыдан 3 ай бұрын із-түссіз жоғалған 13 жастағы қыздың өзінен 17 жас үлкен ер адаммен қашып кеткені анықталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 24 тамыз күні жоғалып кеткен қызды құқық қорғау органдарының қызметкерлері үш ай бойы іздеген.

«Қыздың аяқ асты із-түссіз кетуі құқық қорғау органдарын біраз әбігерге салды. Түрлі болжамдар айтылып, жедел-іздестіру шаралары қолға алынды. Абырой болғанда, араға үш ай салып, жоғалған қыз Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылында 30 жастағы жігітпен тұрып жатқаны анықталды», дейді баспасөз қызметінен.

Тексеріс барысында анықталғандай Томирис Орынбаева үйінен өзінен 17 жас үлкен жігітпен қашпас бұрын онымен әлеуметтік желі арқылы танысып, кейін кездесуге келіскен. Осы кездесу кейін үйіндегі ата-анасын тастап, Жамбыл облысында аталған жігітпен тұрып келген. Қазіргі кезде, жасөспірім үйіне жеткізіліп ата-анасына тапсырылды.

«Қазіргі кезде, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың басын айналдырған жігітті жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр», - деп толықтырды баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар