Ақмола облысында 3 алтын өндіретін кен орын ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында біртоп геологтар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Елімізде жыл сайын сәуір айының бірінші жексенбісінде Геологтардың кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бұған ақмолалықтарда өз үлестерін қосуда. Бұл жолы салтанатты шараға қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов ел игілігін еселеуге барынша үлес қосып келе жатқан сала мамандарын мерекелерімен құттықтап, ардагерлер мен еңбек озаттарын марапаттады.

«Сіздердің еңбек жолдарыңыз жастарға үлгі. Тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында бүгінде облысымыздың аумағында көптеген кен орындары ашылды. Бұл өңіріміздің экономикалық өсуіне оң ықпал тигізіп жатқаны сөзсіз», - деді Қанат Ыдырысов.

Сонымен қатар, ол өткен жылы Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көп таралған қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау жұмыстарына 7,8 миллиард теңге қаржы инвестицияланғанын, 2017 жылдың соңында Бестөбе, Жолымбет кенттері мен Ақсу ауылында алтын өндіретін кен орындары ашылғанын атап өтті.

Геология саласын дамытуға және еліміздің минералдық-шикізат қорын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін «Соколовка» акционерлік қоғамының техникалық басшысы Орындық Нұрмағамбетов, «Көкшетаугидрогеология» акционерлік қоғамының техник-геофизигі Сәндібек Бүркітбаев «Жер қойнауын барлаудың үздігі», «Варваринское» акционерлік қоғамының бас геологы Дмитрий Карцев «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгілерімен марапатталса, «Солтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің гидрогеологы Галина Пятоваға «Еңбек ардагері» медалі табысталды.

Сонымен қатар, бірқатар сала үздіктері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар