Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Ақмола облысында 3 адам жертөледе улы газдан көз жұмды

2019 жылғы 19 сәуір 13:30 750
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында 3 адам жертөледе улы газдан көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жертөледен картоп алып шықпақ болған 3 адам улы газдан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да велосипедімен жүрген 4 жасар қызды автокөлік қағып кетті «Air Astana» ұшағы қозғалтқышындағы ақауына байланысты Ресей әуежайына қонды

Ведомствоның мәліметі бойынша, оқиға сәуірдің 18-де кешкі сағат  19:04 кезінде Жарқайың ауданының Державинск қаласында болды.

«Жекеменшік үйдегі жертөледен картоп алып шықпақ болған төрт адамның 3-уі улы газдан көз жұмды. Оның ішінде 2002 жылғы бала аураханада есін жимастан жантәсілім еткен. Зардап шеккендердің барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты сот - медициналық сараптама тағайындалып, материалдар Жарқайың аудандық ІБ жолданды. Алдын ала мәліметтер бойынша азаматтар анықталмаған газдан уланған», деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT