Ақмола облысында 29 жастағы пәтер тонаушы ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласында пәтер тонаумен айналысқан 29 жастағы ер адам қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Тергеу амалдары барысында белгілі болғандай, күдікті 18 қазан күні Атбасар қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің терезесін бұзып кіріп, 300 АҚШ долларын, фотоаппарат, бейнекамера және алтын бұйымдарды қолды қылған. Осылайша, ол үй иесіне 115 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталып, кінәсін толық мойындады. Оған ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімі (ұрлық) бойынша айып тағылып отыр.

Соңғы жаңалықтар