Ақмола облысында 273 түлек Алтын белгіге үміткер
2022 жылғы 25 мамыр 14:14

Ақмола облысында 273 түлек Алтын белгіге үміткер

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 273 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл өңірдегі жалпы білім беру ұйымдарын 4617 оқушы бітіріп, оның 3702-сі ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Ал, 273 түлек «Алтын белгіге», 279 түлек үздік аттестат алуға ниетті», - деді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, биыл түлектердің тестілеуі Ақмола облысы бойынша екі ҰБТ орталығында өткізіледі. Оның бірі - Көкшетау қаласында болса, екіншісі - Атбасар қаласында (Юстади) орналасады.

Айта кетсек, биыл Ақмола облысында 130 мыңға жуық бала жазғы лагерьде демалады.



Jańalyqtar

MURAǴAT