Ақмола облысында 242 түлек мектепті «Алтын белгіге» аяқтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында Абылай хан алаңында өткен салтанатта үздік мектеп түлектеріне «Алтын белгілер» тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысты. Ол мектеп бітіруші түлектерге «Алтын белгілер» мен үздік аттестаттарды, сонымен қатар 100 және 80 мың теңге ақшалай сертификаттар табыс етті.

«Сіздер маңызды, жауапты шешімдер қабылдау алдында тұрсыздар. Сіздер жассыздар, күш-қуат пен болашаққа үлкен жоспарларға толысыздар. Бүгін Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде атап өткендей, сіздердің алдарыңыздағы еліміздің дамуына қосатын үлестеріңіз зор. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Сіздердің ең үлкен армандарыңызды жүзеге асырып, жеке жетістіктерге қол жеткізу үшін көп мүмкіндіктер жасалады», - деп атап өтті облыс әкімі.

null
Ермек Маржықпаев жастарға алдына мақсат қойып, өмірде кездесетін қиындықтардан қорықпауға шақырды. Сонымен қатар, оқушыларға қажетті білім беріп қана қоймай, өз іс-әрекетіне жауап беруге барлық күш-жігерімен тырысқан мұғалімдердің еңбегіне ерекше тоқталды.

Құттықтау рәсімі дәстүрлі вальс биімен және түлектердің қоштасу флешмобымен аяқталды.

Айта кетейік, биылғы жылы Ақмола облысында 4606 түлек мектепті бітірді, оның 242-і «Алтын белгі», 175-і үздік аттестат иегері. 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстың 710 оқушысы облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанды. Оның 18-і биылғы жылғы мектеп бітірушілер. Олардың дені әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Назарбаев Университеті мен басқа да ЖОО-лардың оқу гранттарына ие болды.

null

Соңғы жаңалықтар