Ақмола облысында 24 жастағы азамат өзіне өзі өрт қойды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында 24 жастағы жігіт үстіне бензин құйып өзін өзі өртеп жібермек болды. Оны құтқармақ болған інісін де күйік шалып, ағайындылардың екеуі де ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұланды аудандық ауруханасының жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Юрий Рыловтың айтуынша, оқиға өткен түні Бұланды ауданының Макинск қаласында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша 24 жастағы жігіт үстіне бензин құйып өзін өзі өртеп жіберген. Сол кезде оған інісі көмекке ұмтылған. Алайда, жалын екеуін де шарпыды. Салдарынан ағайындалардың екеуі де аудандық аурухананың жасақтау бөлімшесіне жатқызылды.

«Екеуінің де хəлдері өте ауыр. Ағасының денесін 80 пайыз, ал, 16 жастағы інісінің денесі 50 пайыз күйік шалды. Дəрігерлер өмірлеріне арша түсу үшін қолдан келгенше көмектесуде», деп түсіндірді Юрий Рылов.

Соңғы жаңалықтар