Ақмола облысында 200-ден астам баланың қатысуымен Президент шыршасы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында өткен дәстүрлі Президент шыршасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған Тик-ток «Жарқыра, жайна Жаңа жыл-Тәуелсіз қазақ елінде!» жаңа жылдық іс-шараға облыстың барлық өңірінен 9-13 жас аралығындағы 200 оқушы қатысты. Бұл аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, оқу үздіктері, түрлі жарыстар мен олимпиада жеңімпаздары.

«Балаларға көрсетілген театрландырылған қойылым аяқталғаннан кейін ертегі кейіпкерлері Аяз ата, Ақшақар, Фьектер ZOOM платформасы арқылы ойындар мен викториналар өткізді. Жаңажылдық мерекенің кішкентай қонақтарына ақшалай сертификаттар, «Самұрық – құстың сиқырлы қаламы» көркем кітаптары, тәтті сыйлықтар табысталды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Президенттік шырша - бала өміріндегі ең есте қаларлық және маңызды оқиғалардың бірі. Облыстың әр түкпіріндегі дарынды балалар мерекені тамашалай алды. Әсіресе, театрландырылған қойылым мен ертегі кейіпкерлері балалардың көңілінен шықты.


Соңғы жаңалықтар