Ақмола облысында 2 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның көлігі даладан табылды, өзі іздестіріліп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам іздестірілуде.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«1984 жылғы Досай Сұлтанғалиев өзінің «Митцубиси галант» көлігімен қарашаның 3-і күні сағат 10:00 шамасында Жарқайың ауданының Гастелло кентінен Қостанай облысы Карасу ауданының Ушаковка ауылына бармақ болып жолға шығып, кейін із-түзсіз жоғалып кетті.

Іздестіру жұмыстарына ТЖО жеке құрамынан 1 адам және 1 арнайы техника, аудандық ІІБ-ден 4 қызметкер мен 1 техника және «Кенем» ЖШС-нің 4 жұмысшысы мен 1 техникасы жұмылдырылып, «Митцубиси галант» көлігі 4 қараша күні кешкі сағат 19:17 минут шамасында «Заря» ауылындағы жұмыс бригадасынан 1 шақырым қашықтықта тұрғаны анықталды. Ал, көлік иесі әзірге табылған жоқ. Бүгін іздестіру жұмыстары одан әрі жалғастырылатын болады», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар