Ақмола облысында 2 баланың ажалы судан болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2 бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қайғылы оқиғалардың бірі 29 маусым күні Зеренді ауданының Приречное ауылында болған. Шағалалы өзеніне шомылуға барған 8 жасар жасөспірім суға батып кеткен. Сүңгуірлер оның денесін бір тәуліктен кейін тапты.

«Екінші жағдай 30 маусым кешкі сағат 20:15 шамасында Атбасар ауданының Мариновка ауылында болды. Мұнда 2014 жылғы ер бала қалдық суға арналған құдыққа құлап, тұншығып қалған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - деп түсіндірді Руслан Иманқұлов.

 

Соңғы жаңалықтар