Ақмола облысында 19 жастағы жігіт тоққа түсіп көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында 19 жастағы жігіт тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 12-ші шілдесінде сағат 18:00-дер шамасында Қоянды ауылындағы жекеменшік үйде 1999 жылы туған жігіт электрлі құралды қолдану кезінде абайсызда тоққа түсіп, оқиға орнында көз жұмды», деп түсіндірді Руслан Иманқұлов.

Соңғы жаңалықтар