Ақмола облысында 18 жастағы жігіт көлге батып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 18 жастағы жігіт көлге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы мамырдың 22-інде кешкі сағат 19:04 Ерейментау ауданды ПБ кезекшілік бөліміне А.Бекболат көшесі, 22-үй мекенжайы бойынша тұратын Ерейментау қаласының 49 жастағы тұрғыны телефон арқылы хабарласып, Қоржынкөл көлінде 18 жастағы жиені суға батып кеткені туралы айтты.

«Анықталғандай, жас жігіттің суға батып кетуіне судағы қауіпсіздік шараларының сақталмауы болып отыр», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары азаматтарды су айдындарында қырағылық пен сақтыққа шақырады.


Соңғы жаңалықтар