Ақмола облысында 18 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы Рахат Мұқашевке іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тамыздың 27-де Астрахан аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 55 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2002 жылы туған ұлы Рахат Жанбатырұлы Мұқашевті іздеп табуға көмек сұраған.

Әкесінің сөзінше, ұлы 2020 жылдың 25 тамыз күні түнгі 00:50 шамасында киімін жинап, үйінен кетіп қалған.

Анықталғандай, тамыздың 24-де ол құжаттарын қорғаныс бөліміне тапсырып, үйінде болған. Көңіл күйі болмағандықтан ешкіммен сөйлеспей, телефонын қарап отырды.

Таңертең тұрғанда анасы Рахаттың үйде жоғын анықтаған. Бұған қоса, ол жеке заттарын, жеке куәлігі, 40 мың теңге ақша, сөмкесіне салынған киімі, ұялы телефонын бірге алып кеткен.

«Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды тексеру кезінде ол тамыздың 25-де түнгі сағат 01:05 шамасында Астрахан ауылындағы автостанция жолына шығып, «Екатеринбург-Алматы» бағытындағы тасжолда кетіп бара жатқан белгісіз көлікке отырғаны анықталды. Қазіргі кезде Рахаттың ұялы телефоны сөндірулі. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлері оның 26 тамыз кешкі сағат 22:00 шамасында «Махаббат» тұрғын үй кешені аумағындағы орындықта отырғанын көрген» дейді ведомстводан.

Рахаттың бойы - 171 см, дене бітімі - мығым, шашы - қара, қысқа қиылған, көздері қоңыр, құлағы қалқиған. Үстіне қара-көк жұқа күрте, қара түсті трико, қара түсті кроссовка киген.

Өзімен бірге қара-қоңыр түсті сөмке және «Редми» ұялы телефоны бар. Оны көрген адамдар Ақмола облысының Астрахан аудандық ПБ (8-71641) 2-21-81, 8-705-423-52-07 немесе «102» арнайы желісне хабарласа алады.


Соңғы жаңалықтар