Ақмола облысында 18 адам қамаудан босатылды
2022 жылғы 17 қаңтар 15:08

Ақмола облысында 18 адам қамаудан босатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының соттарында санкцияланбаған митингілерге қатысы әкімшілік істер қаралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық соттың мәліметінше, Ақмола облысының соттары облыс аумағында төтенше жағдай режимінің күшін жойғанын ескере отырып және «Төтенше жағдай туралы» ҚР Заңының нормаларын басшылыққа ала отырып, қамауға алу түрінде жазалау шарасы тағайындалған адамдарға қатысты бірінші сатыдағы соттардың қаулылары өзгертілді және барлығын қамаудан босату мүмкіндігі туралы шешім қабылдады.

«Бірінші сатыдағы соттарда келіп түскен және қаралмаған барлық әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер тоқтатылады. Мәселен, биылғы жылдың 16 қаңтарында Ақмола облыстық сотының апелляциялық сатысы Төтенше жағдай режиміне және рұқсат етілмеген митингтерге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша бірінші сатыдағы соттардың 18 қаулысын қарады және 18 адамға қатысты жазалау шараларын өзгертті», - деді ведомстводан.


Jańalyqtar

MURAǴAT