Ақмола облысында 173 мың құсқа вакцина салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында құс тұмауының тіркелуіне байланысты күшейтілген режимде алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, қыркүйектің 24- нен бастап облыстың елді-мекендерінде вакцина салу жұмыстары қолға алынған. Бүгінгі таңда 173,9 мың үй құсына екпе салынды. Өзіміздегі бар вакцина есебінен ірі құс фабрикаларындағы 1462 мың құсқа екпе салынды. Бұлардың қатарында «Капитал Прожект» ЖШС, «Астана Құс» ЖШС, «Ижевск» ӨК, «Бурабай Агро Инвест» ЖШС бар. Бірер күнде тағы екі құс фабрикасына вакцина жеткізілетіні күтілуде.

Басқарма басшысы Базарбай Бұлашевтің айтуынша, індетке мониторинг бойынша шаралар күнделікті бақылауда.

«Құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында үй құстарының жабай құстармен байланысын болдырмау үшін өңір тұрғындары мен құс шаруашылықтарының басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ветеринарлық қызметкерлер күн сайын құс шаруашылығы фермаларына барып, құстарды тексеруде. Сонымен бірге, жабайы құстар жиналатын су қоймаларында бақылау жүргізілуде», - дейді Б.Бұлашев.

Зерттеу нәтижесіне сенсек, облыстың 9 ауданындағы 11 елді мекенде құс тұмауы анықталған.


Соңғы жаңалықтар