Ақмола облысында 17 мың оқушыға көмек көрсетіледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жаңа оқу жылында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы 17 мың оқушыға оқу-жазу құралдарын, киім және аяқкиім сатып алуы үшін жалпы білім беру қоры есебінен көмек көрсетіледі. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев тікелей эфир арқылы өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы 17 мың оқушыны қолдау үшін 300 миллион теңгеден астам қаражы бөлінеді.

Аймақ басшысы атап өткендей, елімізде жыл сайын «Мектеп жол» акциясын өткізу дәстүрі қалыптасқан. Өткен жылы әлеуметтік бастама жылдық форматқа көшірілді. Осы ретте, жергілікті кәсіпкерлер де ортақ игі іске қол ұшын созуда. Былтырғы жылы 16 463 оқушы көмек алды. Оның жартысына жуығын халық қалаулылары қаржыландырды. Биыл да солай болмақшы.

«Осы мақсатта жыл сайын бизнес-қоғамдастығындағы меценаттар және Ақмола облысының белсенді азаматтары есебінен шамамен 250 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді», - деп атап өтті Емек Маржықпаев.


Соңғы жаңалықтар