+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті

2021 жылғы 22 қыркүйек 13:04
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 15 жастағы жасөспірім қыз іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Веденовка ауылының 47 жастағы тұрғыны хабарласып, 20 қыркүйектен із-түзсіз жоғалған қызы Аягөз Сағындыққызы Қапезованы іздеп табуға көмек сұраған. Ер адамның сөзінше, 15 жастағы қызы белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Жоғалған адамды іздестіру үшін Бурабай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, берілген күштер, сондай-ақ қоғам өкілдері жұмылдырылды. Жасөспірімінің туыстары, достары, сыныптастары, достары, такси жүргізушілері, көршілерінен сұралды. Полиция қызметкерлері қонақүйлерді, жалдамалы пәтерлерді, сауда орталықтарын, түнгі клубтарды, шаруа қожалықтарын, қараусыз қалған құрылыстарды, құрылыс алаңдарын, саябақтарды, кәріз коллекторларын, гараж кооперативтерін, саяжай массивтерін, өзендер мен су қоймаларының жағалау аймақтарын және басқа да орындарды тексереді», – деді ведомстводан.

Осы ретте, ақмолалық полицейлер жоғалған қызды көрген барлық адамдарға дереу полицияға 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.

Жасөспірім үстіне сұр түсті күртеше, көк түсті джинсы, қызыл түсті кроссовка киген, өзімен бірге «Samsung» маркалы ұялы телефоны, қара түсті рюкзак болған. Бойы 160-170 см, дене бітім орташа, қара шашты, бойы орташа, қоңыр көзді, денесінде ерекше белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT