Ақмола облысында 15 жасар қыз жігіт үшін суицид жасамақ болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында анасының жігітпен кездесуге тыйым салуына шыдамаған жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлады ішкі істер органдарының қызметкерлері.

Оқиға Есіл ауданындағы Свободное селосында орын алған. Анасының жігітпен кездесуге тиым салуына шыдамаған 1998 жылғы 9 сынып оқушысы өз-өзіне қол салмақ болған.

"Қазіргі кезде бойжеткен ауруханадан шығарылды. Жағдайы қанағаттанарлықтай. Суицид бойынша тексеріс жүргізілуде", - дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар