Ақмола облысында 15 құлынды биені айдап әкеткен ұры 7 жылға сотталды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Жарқайың ауданында жылқы ұрлаған малшы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол бұған дейін де мал ұрлығы үшін сотты болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сотталушы өзі малшы бола тұра, өзге бір шаруашылықтың далада жайылып жүрген 12 құлыны бар 15 жылқысын айдап әкеткен. Сөйтіп, мал иесіне 10 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

«Сот үкімімен сотталған адамға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдайларды – кінәсін мойындау, кінәсін мойындап келу және шын жүректен өкіну, жәбірленушіге келтірілген залалды ішінара өтеу, сотталушының кәмелетке толмаған үш баласы болуы сияқты жағдайларды ескерді. Бұл ретте сотта жәбірленуші азаматтық талап қоюдың өтелмеген бөлігінен бас тартты. Бұл іс бойынша қатаң жаза ер адамның басқа соттың 2023 жылғы 15 ақпандағы басқа адамдармен бірге топтасып 40 жылқы ұрлағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылуына байланысты. Сондықтан, осы іс бойынша сот 6 жыл жазаны бұрын тағайындалған 7 жыл мерзімге сіңіру арқылы қосты», - деп түсіндірді ведомстводан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда кәсіпкерден ақша талап еткен төтенше жағдай қызметкерлері сотталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар